Архив событий

01/10/2021

Ақмола облысы соттарының 2021 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары

01/10/2021

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жыл басынан 2 443 іс пен материалдар қаралды, оңайлатылған тәртіппен 415 іс қаралды, мемлекеттік тілде 108 іс қаралды.

Медиацияны қолданумен 124 іс тоқтатылды, 25 татуласу келісім жасалды, 2 іс партисипативтік рәсімі бойынша қаралды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 144 әкімшілік іс бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылды. Мемлекеттік органдары мен жеке сот орындаушылардың атына 18 жекеше ұйғарым шығарылды.

9 іс бойынша медиативтік келісімдер бекітілді.

Ақмола облысының соттарында «дөңгелек үстелдер» мен семинарлар өткізілді

01/10/2021

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік іс жүргізуде салық заңнамасын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді, оған Көкшетау қаласы Салық басқармасының өкілдері қатысты.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Аслан Сампиев сот кеңсесінің мамандары үшін «Ақпараттық қәуіпсіздік» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Бүгін 1 қазан - Ұлағатты қариялардың мерекесі. Құрметті қариялар! Сіздерді ізгілік пен құрмет күнімен құттықтаймыз!

01/10/2021

Бұл мереке алдынғы буын – үлкен кісілірге орасан зор алғысымызды білдіруге жақсы себеп. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.