Архив событий

26/10/2021

Телеарнада жаңа жоба - «Төрелік» бағдарламасы іске қосылды

26/10/2021

Ақмола облыстық соты «KOKSHE» облыстық телеарнамен бірлесіп мемлекеттік тілде «Төрелік» атты бағдарламаны бастады.

Жоба ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылды.

«KOKSHE» облыстық телеарнада әр бейсенбі күні сағат 21.00-де облыс судьялары заңнаманың нормаларын түсіндіріп, сот тәжірибесін талқылап, соттар қызметіндегі жаңа өзгерістер туралы сөз сөйлейді.

Бағдарламаны журналист, облыстық телеарнаның шеф-редакторы Гүлнәр Бекенова жүргізеді.

Ақмола облысының соттарында істер қаралды

26/10/2021

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) азаматтар Е. және А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот қаулысымен, медиацияны қолданумен тараптардың татуласуына байланысты, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2 884 іс қаралды, оның ішінде 241 іс медиацияны қолданумен тоқтатылды.