Архив событий

18/10/2021

Ақмола облысының соттарында істер қаралды

18/10/2021

Атбасар аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот қаулысымен азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған ескерту түрінде жаза тағайындалды.

Ақмола облысының соттарында іс-шаралар өткізілді

18/10/2021

Астрахан аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Мұқағали Ақышев сот кеңсесінің мамандары үшін «Мобилді бейнеконференцбайланыс арқылы сот отырыстары  және сот отырысының дыбыс-бейнежазбасы» тақырыбында семинар өткізді.

Сот ұжымы сот кеңсесінің бас маманы Кенжекей Ахметованы зейнетке шығумен құттықтады. Сот жүйесінің ардагеріне аудандық соты төрағасының және Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен қаралған істердің шолуы (2021 жылдың 11-15 қазаны аралығы)

18/10/2021

2021 жылғы 11-15 қазан кезеңінде Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен 46 іс қаралды, 36 cот актісі өзгеріссіз қалдырылып, 1 шешім өзгертілді, жаңа шешім шығарумен 4 сот актісінің, жаңа қарауға жолдаумен 2 сот актісінің күші жойылған.

Мысал.

Апелляциялық сатыдағы сот ЖШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы ақпарат пен есепке алу құжаттамасына қолжетімділікті ұсынбау бөлігінде «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 11-бабының талаптарын бұзғаны үшін субсидиарлық жауапкершілiкке негізсіз тартылған ЖШС-тің басшысының құқықтарын қорғады.

Ақмола облысының судьялары баспасөз конференция өткізді «Әкімшілік әділет. 3 ай жұмысының қорытындысы» тақырыбына

18/10/2021

Ақмола облысының судьялары Өңірлік коммуникациялар қызметінің медиа-орталығында «Әкімшілік әділет. 3 ай жұмысының қорытындысы» тақырыбына баспасөз конференция өткізді.