Архив событий

27/10/2021

Ақмола облысының соттарында қаралған істер бойынша шолу

27/10/2021

Астрахан аудандық сотында некені бұзу туралы азамат Б-ның талап арызы бойынша азаматтық  іс қаралды. Сот ұйғарымымен, тараптар арасында медиативтік келісім жасасуына байланысты, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ақкөл аудандық сотында жыл басынан медиацияны қолданумен 49 азаматтық, 2 қылмыстық және әкімшілік құқық  бұзушылықтар туралы 23 іс қаралды.

Ақмола облысының соттарында іс-шаралар өткізілді

27/10/2021

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы  Азамат Аймұхамедов «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді, оның жұмысына облыс әкімі аппаратының өкілі қатысты.

Ақкөл аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы Ләззат Свогузова «Сот актілерінің орындалмау себептері» тақырыбында онлайн «дөңгелек үстел» өткізді, оның жұмысына мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.