Архив событий

12/10/2021

Ақмола облысының соттарында қаралған істер бойынша шолу

12/10/2021

Ақкөл аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) 43 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қаралды. Сот қаулыларымен 43 азамат әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оның ішінде 40 азаматқа қамаққа алу түрінде жазалар тағайындалды, 3 азамат көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.

Ақмола облысының соттарында іс-шаралар өткізілді

12/10/2021

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судья Салтанат Бақытжанова «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі татуластыру рәсімдерінің алгоритмін түсіндіру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді, оның жұмысына облыс прокуратурасының, Әділет департаментінің, мемлекеттік кірістер департаментінің, облыс және қала әкімдері аппараттарының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының, білім басқармасының, мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері қатысты.