Архив событий

06/10/2021

Ақмола облысының соттарында іс-шаралар өткізілді

06/10/2021

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі Самал Әбдірахманова сот кеңсесінің мамандары үшін «ДБЖ порталмен жұмыс жасау» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Аға сот приставы Ұланбек Жолдасбаев сот кеңсесінің мамандары үшін «Сотты құрметтемеушілік» тақырыбында семинар сабақ  өткізді.

Жетекші маман Аян Дүйсеков сот кеңсесінің мамандары үшін «Істерді автоматты түрде бөлу» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Ақмола облысының соттарында істер қаралды

06/10/2021

Астрахан аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-бөлігі бойынша (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот қаулысымен, азамат Б-ны қылмыстық жауаптылықтан босатуына, жеке айыптаушы айыптаудан бас тартуына және тараптардың татуласуына байланысты, қылмыстық  іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ақмола облысының соттарында 2021 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары жасалды

06/10/2021

Астрахан аудандық сотында 21 қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 208 іс, 190 азаматтық іс және ӘРПК-нің тәртібінде 2 әкімшілік іс қаралды.

190 азаматтық іс ішінде оңайлатылған тәртіппен 23 іс, бұйрық арқылы іс жүргізуде 43 электрондық азаматтық іс қаралды. 19 іс медиативтік келісім жасасуына байланысты тоқтатылды.

21 қылмыстық іс бойынша 25 адамға қатысты айыптау үкім шығарумен 17 іс қаралды.