Архив событий

22/10/2021

Ақмола облысының соттарында істер қаралды

22/10/2021

Степногорск қалалық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот қаулысымен азамат К. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Ақмола облысының соттарында іс-шаралар өткізілді

22/10/2021

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  Айсұлу Жұматова сот кеңсесінің мамандары үшін «Сот жүйесінде бейнебайланыс қосымшаларын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жетекші маман Сәлима Қожаева сот кеңсесінің мамандары үшін «Мемлекеттік тіл – халық қазынасы» тақырыбында семинар өткізді.

Ақмола облысының соттарында медиация тәртібімен азаматтардың татуласуымен қаралған істер бойынша шолу (2021 жылдың 14-21 қазан аралығында)

22/10/2021

Целиноград аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша (Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот қаулысымен, медиацияны қолданумен тараптардың татуласуына байланысты, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

22/10/2021

1) БАҚ-мен жұмысты үйлестірушілер:

Смағұлова Замира Шарапқызы – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы

Жакулин Әскербек Бейсембекұлы – қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының судьясы

Жұмағұлова Нұржамал Әуесханқызы - азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы

2) Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

Домалақова Күләш Балтағарақызы

тел.: 8-716-2-55-97-83

3) Бас маман:

Утешева Гулжан Тастемірқызы

тел.: 8-716-2-55-97-83