Архив событий

20/10/2021

Ақмола облысының соттарында қаралған істер бойынша шолу

20/10/2021

Қорғалжын аудандық сотында жыл басынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4- және 5-бөлігі бойынша (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 19 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 19 іс қаралды. Сот қаулыларымен 19 азамат әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оларға айыппұл мен қамаққа алу түрінде жазалар тағайындалды.  

Сот залынан. Такси жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасап, оның көлігін иемденіп, кісі өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

20/10/2021

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бурабай ауданының 20 жастағы тұрғындары Р. мен Г. такси жүргізушіне қарақшылық жасап, оның көлігін заңсыз иемденіп, оны өлтіргені үшін (Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы, 200-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы, 99-бабы 2-бөлігінің 3,7,10-тармақтары) кінәлі деп танылды.

Ақмола облысының соттарында іс-шаралар өткізілді

20/10/2021

Шортанды аудандық сотында аға сот приставы Нұрбек Өзгеріс сот кеңсесінің мамандары үшін, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Өткізу тәртібін сақтау туралы» тақырыбында семинар өткізді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі Самал Әбдірахманова сот кеңсесінің мамандары үшін «Құжаттардың орындалуын бақылау» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.