Архив событий

04/10/2021

Ақмола облысының соттарында 2021 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары жасалды

04/10/2021

Бұланды аудандық сотында 2021 жылдың 9 айында 299 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 9 іс медиацияны қолданумен, 10 іс татуласу келісім жасасумен қаралды.

Оңайлатылған іс жүргізуімен 40 іс қаралды. 52 сот бұйрығы шығарылды. Мемлекеттік тілде 40 іс қаралды.

Сотпен 31 қылмыстық  іс қаралды, оның ішінде 5 іс медиацияны қолданумен тоқтатылды. Мемлекеттік тілде 7 іс қаралды.

Ақмола облысының соттарында іс-шаралар өткізілді

04/10/2021

Бұланды аудандық сотында сот кеңсесінің мамандары үшін «Төтенше жағдайлардан қорғау, алғашқы медициналық көмек көрсету және өрт болған кезінде адамдарды эвакуациялау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді, оның жұмысына төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі қатысты.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен қаралған істердің шолуы (2021 жылдың 27 қыркүйегі-1 қазаны аралығы)

04/10/2021

2021 жылғы 27 қыркүйек -1 қазан кезеңінде Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен 67 азаматтық іс қарауға тағайындалған, оның ішінде апелляциялық сатымен 57 іс қаралып, бітімгершілік келісімді жасау туралы келіп түскен өтінішхаттарға байланысты, 6 іс кейінге қалдырылған. Орта есеппен бір судьяға аптағы жүктеме 8 істі құрайды.

Ақмола облысының соттарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы құрметіне іс-шаралар бастау алды

04/10/2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 25 жылдығының құрметіне орай, Ақмола облысы Көкшетау қаласында дойбы, шахмат, үстел теннисі, шағын футболдан турнир өткізілді.

Ақмола облысы соттарының судьялары, қызметкерлері арасындағы жарыстарды облыстық сот және Судьялар одағының филиалы ұйымдастырды.

Турнирдің ашылуы кезінде Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов және Судьялар одағы филиалының төрағасы Бейбіт Нұржан сөз сөйледі.