Сот бір жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Зеренді аудандық соты азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат И. көлік құралын басқару құқығы болмай тұра, автокөлікті басқарып, полиция қызметкерінің тоқтату талабын  ескермей, автокөлікті қалдырып, белгісіз бағытта жасырынып кеткен.

Сот қаулысымен азамат И. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 1-бөлігімен (Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған көлік құралдарын басқару құқығынан бір жылға айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі