Ақмола облыстық соты «Ең үздік ведомстволық мұрағат» Дипломымен марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты Ұлттық мұрағат қорын жинақтау деректерінің  ведомстволық мұрағаттарды паспорттандыру қорытындысы бойынша Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының «Ең үздік ведомстволық мұрағат» Дипломымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз етуде, жинақтауда және ұйымдастырудағы маңызды үлесі үшін Ақмола облыстық сотының бас маманы Разиха Нұрқасынова Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының Құрмет Грамотасымен марапатталды.  

Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатының басшысы Г.Салық Ақмола облыстық сотының маманы Разиха Нұрқасынованы құттықтап, құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша сапалы жұмысын атап өтті. 

Облыстық сотының мұрағаты істерді, материалдарды және сот ісін жүргізу құжаттарын сақтау, тіркеу, іріктеу, өндеу, ретке келтіру мен қолдануды қамтамасыз етеді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі