Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде сот орындаушыларымен өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов Әділет департаментінің өкілдері және сот орындаушыларымен өзара электронды – ақпараттық әрекеттесу сұрақтарын талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді.   

Жұмыс кездесуіне Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова, Соттар әкімшісі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары, жергілікті соттарының кеңсе меңгерушілері және сот отырыстарының хатшылары қатысты. Ақмола облысы Әділет департаменті басқармасы басшысының орынбасары Қ.Шаймерденов, Әділет департаменті атқару өндіріс басқармасының басшысы М.Байғожина, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ж.Абылқасымова, Әділет департаменті ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы С.Хамзин, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары шақырылды.

Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов «Төрелік» ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы электронды өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылауда диалогтың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. «Жоғарғы Сот Әділет министрлігімен бірлесіп, ақпараттық өзара әрекеттесу шегінде атқару парақтарын электрондық құжат түрінде жолдауды қарастыратын жаңа қызметті іске қосты. Бүгінгі күні облыс соттары атқару парақтарын орындауға электронды түрде жолдайды, бірақ талқылауға жататын бірқатар сұрақтары бар» - деп айтты Д.Сарымсақов.

Кездесу барысында диалог түрінде сот орындаушыларымен атқару құжаттарды негізсіз қайтару, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың тарапынан атқарушылық іс-жүргізуді қозғаудан бас тарту себептері талқыланып, сұрақтар шешілді. 

Жергілікті соттарының кеңсе меңгерушілердің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша атқару құжаттарды жолдаған кезінде туындайтын сұрақтары бойынша баяндамалары тыңдалды. Әділет департаменті және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің тіркеу, атқару парақтарын бөлу мен сот актілерін орындау бойынша баяндамалары талқыланды.

Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова кездесу қатысушыларымен өзара іс-әрекет сұрақтарын шешу және алдағы уақытта сапалы жұмыс жасау бойынша ұсыныстарын талқылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі