Бұланды аудандық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұланды аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерді талқылау мен түсіндіру бойынша аудандық прокуратура, аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, адвокаттардың қатысуымен семинар өтті.

Семинар жұмысында судья Л.Цибульская Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды  түсіндіріп, азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру бойынша сұрақтар талқыланды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі