Целиноград аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыртудың сапасын талқылау бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Целиноград аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру кезінде туындайтын сұрақтар» тақырыбында Целиноград ауданының жергілікті полиция өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды құрастырудың сапасы талқыланды. Целиноград аудандық сотының судьясы Ж.Темиров  семинарға қатысушыларды хаттамаларды толтыру барысы, құқық бұзушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқық бұзушының іс-әрекетін дұрыс саралау дәрежесі, іс жүргізудің мерзімдерін сақтау, іс құжаттарын толық көлемде рәсімдеуге көңіл аудартты.

Судья инспекторларға көптеген қателіктермен толтырылған хаттамалардан мысал келтіріп, сонымен қатар учаскелік инспекторлардың атына шығарылған жеке қаулылардың фактілері жөнінде айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша семинарға қатысушыларға хаттамаларды құрастыру кезінде кемшіліктерге жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірленіп, қолданыстағы заңнаманы зерделеу қажеттілігіне назар аудартылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі