Ерейментау аудандық сотында қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотына азамат Ж. азаматша В-дан қарызды өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот анықтағандай, азаматша В. азамат  Ж-дан қаражатты алып, үйді сатуға уәде берген. Бірақ, азаматша В. қойылған шартты орындамады. Сондықтан, азамат Ж. сотқа жүгінген.

Сотта тараптар татуласу келісімді келесі шарттар бойынша жасады: азаматша В. қарызды толық көлемінде өтеуге, ал азамат Ж. қарыз сомасын алуға міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі