Қорғалжын аудандық сотының судьялары медиация туралы Пилоттық жобанының ережелерін түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қорғалжын ауданындық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтті.  

Семинарға судьялар, әкімдік, кәсіпкерлер палатасы, БАҚ өкілдері, кәсіби емес медиаторлар және аудан тұрғындары қатысты.

Аудандық соттың төрайымы Х.Кембаева Пилоттық жобаны түсіндіріп, медиация рәсімдерін қолдану арқылы дауды (жанжалды) сотқа дейінгі міндетті реттеудің маңыздылығын атап өтті. Сот төрағасы,  Пилоттық жоба татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, азаматтардың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын арттыруға бағытталған деп айтты.

Судья А.Зиада медиацияны дамыту мен насихаттаудың қажетілігін атап өтті.

Сот төрағасы семинарды қорытындылай келе, қатысушыларға бандамаларды талқылаудағы белсенділігі үшін алғыс білдіріп, жобаны іске асыруда табыс тіледі.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі