«ҚР-ның Судьялар Одағы» РҚБ-гі Ақмола филиалының төрағасы Бауыржан Баймырзин Құрмет грамотамен марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметіне белсене қатысып, заңды басылымдар бойынша жазылыстық кампаниясында жоғары көрсеткіштері үшін «ҚР Судьялар Одағы» Ақмола филиалының төрағасы Бауыржан Баймырзин Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Марапаттау Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Орталық Кеңесінің отырысында ҚР Судьялар одағының төрағасы М.Әлімбековтің қатысуымен өтті. 

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы М.Әлімбеков қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Баймырзинді құттықтап, оның кәсібилігінің жоғары деңгейі мен судьялық қауымдастығындағы сапалы қызметін аттап, оған мықты денсаулық, сот төрелігін сапалы атқаруды және жұмыста жоғары көрсеткіштер тіледі.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі