Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында ұрлық жасады деп айыпталған азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, ер азамат азамат Ч-ның ұялы телефонын ұрлап, оған материалдық шығын келтірген.

Сотқа жәбірленушіден сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына және келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188- бабының 1- бөлігімен («Ұрлық») азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі