Сот ер азаматқа отбасы –тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат У. үйде алкогольдік масаң күйде болып, өзінің зайыбына былапыт сөздер сөйлеген. Осы әрекетімен, азамат У. зайыбына құрметтемушілік көрсетіп, үй ішіндегі тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен азамат У. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен («Отбасы –тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі