Сот полиция қызметкерлерін қорлағаны үшін айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Ақкөл аудандық сотында билік өкiлiн қорлады деп айыптау бойынша азамат В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат В. жедел – профилактикалық шараларын өткізу барысында, полиция қызметкерлеріне құжаттарын бермеген, оларға көтеріңкі дауыспен жауап беріп, былапыт сөздер айтқан.

Сот үкімімен азамат В. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен (Билік өкiлiн қорлау) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі