Сот сапасыз тауардың сомасын тұтынушының пайдасына өндіріп берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Степногорск қалалық сотына азаматша Б. «Қ» ЖШС-не тауарды  ауыстырудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы және сапасыз тауарды ұқсас тауарға ауыстыруды міндеттеу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот анықтағандай, азаматша Б. ұялы телефонды ұялы байланыс салонынан сатып алған, бірақ 2 аптадан кейін сатып алған тауар істен шықты. Сапасыз тауарды ауыстыру үшін «Қ» ЖШС-не жүгінген кезде, ол бас тарқан. Сондықтан, азаматша Б. сотқа жүгінді. Сотпен сараптама тағайындалып, зауыттық ақауы анықталды.

Сот шешімімен азаматша Б-нің талап арызы қанағаттандырылды. «Қ» ЖШС-нен телефон ақысы азаматша Б-нің пайдасына өндіріп алынды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі