Сотта материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотына ауыл тұрғындарынан материалдық шығынды өтеу туралы талап арызымен «Р» ЖШС-гі жүгінген.

Сот анықтағандай, 4 ауыл тұрғындарының кәмелетке толмаған балалары, жолаушылар автобусының терезелерін сындырып, ЖШС-не 300 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.

Сотта кәмелетке толмағандардың ата-аналары және«Р» ЖШС-гі кәсіби медиатордың қатысуымен медиативтік келісімді келесі шарттар бойынша жасады: ата-аналар келтірген шығынды өтеуге міндеттенді, ал «Р» ЖШС-гі қойылған талаптарынан бас тартады. 

Сот ұйғарымымен медиативтік келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі