Сотта медиативтік келісім бекітіліп, материалдық және моральдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық сотына азамат П. азамат Ч-дан материалдық және моральдық залалды өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот анықтағандай, азамат П. азамат Ч-ға 2001 жылы автокөлікті сатқан. Ал 2016 жылы  Мемлекеттік кірістер басқармасынын 2011-2015 жылдары автокөлік салығын төлемегені туралы азамат П-ға хабарлама келді. Азамат П. автокөлік салығын төлеген, ал азамат Ч. жасаған әрекетімен азамат П-ға материалдық және моральдық залал келтірген, өйткені, азамат Ч. осы көлікке қатысты ауыртпалығын атқаруға міндетті. Сондықтан, азамат П. сотқа жүгінді.

Сотта тараптар медиативтік келісімді келесі шарттар бойынша жасады: жауапкер талапкерге қарыз сомасын беруге міндеттенеді, ал талапкер қойылған талаптарынан бас тартады.    

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, материалдық және моральдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық іс қысқартылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі