Архив событий

01/09/2016

«Сот кабинетін» жаңғырту жұмысы туралы

01/09/2016

Сот кабинеті – бұл сот органдарына онлайн сервис арқылы қол жеткізуге арналған мүмкіндік. Аталған сервистің маңызды ерекшелігі сот процесінің қатысушысы кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ сотта істің қаралу барысын бақылай алады.

Сот айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

01/09/2016

Ақкөл аудандық соты азаматша П-ға қатысты әкімшілк іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел, алкогольдік масаң күйде бола тұра, үй ауласыңда, бөтен адамдардың көзінше көршінің атына былапыт сөйледі. Осы әрекетімен, әйел қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасады.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін кандидаттармен әңгімелесу өткізді

01/09/2016

 

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі барлық мемелекеттік органдарының мемлекеттік қызметтерінің арасында ішкі конкурсқа бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін кандидаттармен әңгімелесу өткізді.

Қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі

01/09/2016

2016 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 15.00-де «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыптарында қылмыстық істерді қарайтын  судьялары үшін қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.