Архив событий

09/09/2016

Ақмола облыстық сотының судьясы бейне дәрісте баяндама жасады

09/09/2016

Оқыту сабағының өткізу тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен республика судьялары үшін қашықтық арқылы дәріс сабақтары ұйымдастырылады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары Рәзия Қуанышбаева, Елена Максюта және Ғалымжан Мырзаке дәріс сабақты онлайн режимде өткізді.   

Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңын бұзғаны үшін сотталды

09/09/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азамат К-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот  анықтағандай, Көкшетау қаласында ер азамат заңсыз тыйым салынған қызмет түрін ұйымдастырған, яғни ойын мекемесiн заңсыз ашып,  ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастырған. Ол үшін азамат К. Көкшетау қаласының орталықтағы пәтердің бірін жалға алып, Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» туралы заңын бұзып, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқан.

Жұмысшының пайдасына ЖШС-нен жалақы бойынша берешек және келтірген моральдық зиян үшін өтемақы өндіріліп алынды

09/09/2016

Ерейментау аудандық соты  азаматша Ф-ның «Е» ЖШС-нен жалақы бойынша берешекті және моральдық  зиян келтіргені үшін өтемақыны өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қарады.

Сотпен, азаматша Ф. 2015 жылдың қазан айынан бастап  «Е»  ЖШС-де  таразышы болып жұмыс істегені және 2016 жылдың сәуір - мамыр айларына жалақысы төленбегені анықталды. Сотта жауапкер жалақы бойынша берешекті растады.

Сот және YEҰ дөңгелек үстелдің басында: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және сот органдарында электронды технологияларды қолдану

09/09/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел басында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және сот органдарында электронды технологияларды қолдану мәселелерін талқылау үшін судьялар мен  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кездесті.

Дөңгелек үстел жұмысына  сот төрағасы, «Наше право», «Намыс», “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы” «Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету филиалының кәсіптік одағы” үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері және сот мамандары қатысты.

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін әкімшілік айыппұл

09/09/2016

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады.

Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін төрт жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

09/09/2016

Ақмола облысының Аршалы аудандық соты азамат П-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат  П. масаң күйде, кикілжің салдарынан ер-азаматты ұрып-соғып, жәбірленушінің денсаулығына қабырғаның сынуы, сүйек-ми жарақаты және мидің шайқалуы түрінде дене жарақаттарын келтірген. Сонымен қатар, сотталушының кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасалынып, сотталушы тергеу жұмыстарына  жәрдемдескені анықтылды.