Архив событий

22/09/2016

Целиноград аудандық соты жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық іс қарады

22/09/2016

Целиноград аудандық соты азамат К-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіріп алу туралы азаматша Ж-нің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. автокөлікті жүргізу кезінде қарсы бағыттағы жүріп келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде азаматша Ж. дене жарақатын алып, көрсетілген медициналық қызметтің және айырылған бір айлық еңбек ақысын азамат К-дан өндіріп алуын сұрады.

Сот арнайы қоныста тұрғаны және жаппай саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккені туралы фактіні анықтау бойынша арызды қанағаттандырды

22/09/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азаматша Е-ның арызы бойынша арнайы қоныста тұрғаны және жаппай саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккені туралы фактіні анықтау бойынша азаматтық іс қарады.

Қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі

22/09/2016

2016 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Соттың үкімдері мен қулыларын орындау. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыптарында судьялар үшін қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Жауапты аймағы болып Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстық соттар бекітілді.

Сот шешімімен жәбірленушінің пайдасына материалдық шығын және моральдық зиян өндіріп алынды

22/09/2016

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты азаматша Б-нің азамат М-дан моральдық зиянды және материалдық шығынды өтеп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады. 

Сот анықтағандай, азамат М-нің иті әйел адамды оң жақ тізесінен қауып алған, нәтижесінде азаматша Б. дене жарақатын алған. Ауруханаға жеткізілген әйелге емдеу шаралары тағайындалды. Осыған байланысты, азаматша Б. емделуге шығындалған және киімі бүлінген. Азаматша Б. талап арызында келтірілген моральдық зиянды және материалдық шығынды өтеуді сұрады.