Архив событий

20/09/2016

Қорқытып алғаны үшін екі ер адам 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

20/09/2016

Ақмола облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана қаласының екі тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, екі ер адам азамат Ж-нің азамат Б-ға ірі сомада қарыз болғаны жайындағы ақпаратты пайдаланып, осы қаражатты заңсыз жымқыруға алдын ала сөз байласты.

Алдамшы жолмен ер адамдар азамат Ж-дан қарызды қайтаруын талап етіп, ұрып кеткен, оған және оның жақын туыстандарына қатысты жаза қолданатындарын айтып қорқытқан. 

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты семинар өткізді

20/09/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аудандық және оларға теңестірілген соттардың іс қағаздарын жүргізу Қағидаларын зерделеу бойынша семинар өткізді.