Архив событий

05/09/2016

Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру

05/09/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша О-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша О. Зеренда ауылында, мейрамханада бармен болып жұмыс істеп, кәмелетке толмағанға, түнгi сағат 22.30-ден 3.00-ге уақытта заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген.  Нәтижесінде, кәмелетке толмағанға денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірілген.

Көкшетау қалалық сотымен көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған азаматтарға қарсы 75 қылмыстық іс қаралды

05/09/2016

Көкшетау қалалық сотымен 2016 жылы 8 ай ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру») 75 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 1 қылмыстық іс әйел адамға қатысты.