Архив событий

26/09/2016

Судьялар онлайн режимдегі дәріс сабаққа қатысты

26/09/2016

Ақмола облыстық сотының судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан ұйымдастырылған дәріс сабаққа қатысты.

Дәріс сабағын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьялары онлайн режимде өткізді.

Бейне дәрісте Ақмола облыстық сотының судьялары Н.Өміртайұлы және Қ.Сабдин «Сот үкімдері мен қаулыларды орындау» тақырыбында сөз сөйледі.

Сот шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған үшін 1 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

26/09/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. Қазақстан Республикасы аумағына келіп, көші-қон қызметінде келу себебін жеке сапар мақсатымен деп  көрсеткен, алайда ол еңбек қызметін атқарған. Осылайша азамат К. шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Сот жалған хабар берген ер адамға жаза тағайындады

26/09/2016

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты бұрын соттылы болған азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Р. бірге тұратын әйелімен ұрысып, өз-өзіне пышақпен жарақаттар келтірді. Кейін  азамат Р. Степногорск қаласының  ІІБ-не барып, оған көрші шабуыл жасады деп жалған хабар берді.

Сот бұзақылық жасағаны үшін кәмелетке толмағанның ата-анасына әкімшілік жаза тағайындады

26/09/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланың әкесіне қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, кәмелетке толмаған Есіл қаласының орталық саябағында,  шекілдеуік шағып, қабығын аяқжолға тастаған. Осы әрекетімен, кәмелетке толмаған ортақ қолданыстағы орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасады.

Сот шешімімен иелену мерзiмiне сәйкес пәтерге меншік құқығы танылды

26/09/2016

Ақкөл аудандық соты азамат К-ның Ақкөл ауданының әкімдігіне иелену мерзiмiне сәйкес меншік құқығын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К.-ға 1995 жылы Краснобор орман шаруашылығы әкімшілігінің рұқсатымен пәтер берілген. Азамат К. пәтерге ие болған кезінен бастап, оны ұқыпты, ашық және ұдайы иеленген және салық пен коммуналдық қызметтері үшін төлемдерді төлеп келген.

Сот медиативтік келісімді бекітті

26/09/2016

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Р. «Атбасарская Нива» ЖШС-не тиесілі мүлікті  жасырын түрде ұрлап, 174 400 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сотта жәбірленуші және сотталушы қылмыстық істі медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат берген, себебі сотталушы келтірілген шығынын өтеді және жәбірленушінің оған ешқандай материалдық талабы болмаған.