Архив событий

08/09/2016

Сот медиативтік келісімді бекітті

08/09/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты «Қазақтелеком» АҚ-ның азамат А-дан берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай,  «Қазақтелеком» АҚ-ы сымсыз тұрақты терминалын қолдануына азамат А-мен шарт жасасқан, алайда азамат А. телекоммуникация қызметі үшін  төлемді төлемеген. Осыған байланысты, ол «Қазақтелеком» АҚ-ның алдында сымсыз тұрақты терминал үшін берешек болды.

Сот отырысында тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиативтік келісім жасады.

Қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі

08/09/2016

2016 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 15.00-де «Қозғалмалы затты иесіз деп тану және коммуналдық меншіктің жылжымайтын мүлікке құқығын тану», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңында бекітілген кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға міндетті шығыстарға қатысуға жалтаратын, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу» және «Шартты (мәміле) бекітумен, өзгертумен, бұзумен және шарттық міндеттемелерді орындаумен байланысты даулар» тақырыптарында судьялар үшін қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі.

Сот атқару құжат пен сот актіні орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

08/09/2016

Аршалы  аудандық соты азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Д.  Целиноград аудандық сотының шешімі бойынша мемлекет  пайдасына 118 920 теңге көлемінде сараптама  өткізуге  шығындарды өтеуге міндеттенген. Алайда сот шешімі заңды күшіне енген мерзімнен қазіргі уақытқа дейін атқару құжатының талаптары орындалмаған.  

Сот орындаушысымен азамат Д-ға әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертілгеніне қарамастан, құқық бұзушы берешекті өтеу туралы хабарламасын орындамаған.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

08/09/2016

Аршалы аудандық соты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін азамат A-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А., автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, масаң күйде автокөлікті басқарып, «Екатеринбург-Алматы» тас жолында автокөлікпен соқтығысып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.