Архив событий

30/09/2016

Сот ер азаматқа бұзақылық жасағаны үшін бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

30/09/2016

Астрахан аудандық соты бұрын соттылы болған азамат Х-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Х. алкогольдік масаң күйде бола тұра, ІІБ ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзып, қызметкерлерінің айтқан ескертулерін тыңдамай, былапыт сөйлеп, оның алкогольдік мас күйде болғаны үшін автокөлігін қайтарып алғысы келіп, қасақана түрде ІІБ ғимараты терезенің әйнегін сындырды.

Ақмола облысының судьялары Қазақстан Республикасы судьяларының VIII спартакиадасына қатысты

30/09/2016

Ақмола облысының судьялары Қарағанды ​​қаласында өткен ҚР-сы судьяларының VIII спартакиадасына қатысты. Спартакиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезіне арналып өтті.

Республикамыздың барлық өңірінің судьяларынан құрылған командалар келесі спорт түрлерінен жарысты: мини-футбол, волейбол, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат, дойбы. Cпорт жарыстары екі күн бойы жалғасты.