Архив событий

21/09/2016

Жеке меншікке жер телімін беру туралы әкімнің өкімі заңсыз деп танылды

21/09/2016

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты азаматша Қ-ға жеке меншікке жер телімін беру туралы Қосшы ауылдық округі әкімінің өкімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы Целиноград ауданы прокурорының талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды

21/09/2016

Қорғалжын аудандық соты азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы) көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін автокөлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын қайта басқарған.

Сот есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

21/09/2016

Жақсы аудандық соты азамат Г-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай,  азамат Г. дүкеннің жанында сораны жұлып алып, кептіріп, күртешесінің қалтасында сақтап жүрген. Жеке тінту кезінде полиция қызметкерлерімен азамат Г-дан 0,6 грамм мөлшерде кептірілген марихуана тәркіленген. Азамат Г. есірткі затты заңсыз алып, өткізу мақсатынсыз  жеке пайдалануына сақтаған.

«Сот актілері мен басқа да құжаттарды жасау сапасы туралы» тақырыбында бейнеконференцбайланыс арқылы сот қызметкерлері үшін семинар өткізіледі

21/09/2016

 

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай 2016 жылдың 21 қыркүйек күні сағат 17.00-де бейнеконференцбайланыс арқылы «Сот актілері мен басқа да құжаттарды жасау сапасы туралы» тақырыбында Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері үшін семинар өткізіледі. Ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті.

Өзбекстан Республикасының азаматы Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған

21/09/2016

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматы 2016 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына келіп, уақытында ішкі істер органдарының тіркеуінен өтпеген. Осы әрекетімен, ол Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.   

Тонау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

21/09/2016

Енбекшілдер аудандық соты азамат Б-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. өзінің танысының үйінде алкогольдік масаң күйде бола тұра, танысының ұйықтағанын көріп, жәбірленушінің ұялы телефонын ұрлап, кеудесіне екі рет пышақпен соққы жасап, оқиға орынан жасырынды.

Сотқа дейінгі  істі қарау кезінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процессуалдық  келісім жасалды.