Архив событий

16/09/2016

Азаматтық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы облыс судьялары үшін семинар өткізілді

16/09/2016

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жанәділов азаматтық істерді қарайтын облыс судьяларына арналған азаматтық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы  семинар  өткізді.

Семинар жұмысын аша отыра, Е.Жанәділов судьяларымен азаматтық істерді қараудың сапасын талдап, әр судьяға жұмыс сапасын арттыру бойынша  шара қабылдаумен сот актілерін ресімдеу кезінде қателіктерге жол бермеуін тапсырды. 

Еңбекшілдер аудандық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды

16/09/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты азамат С.-ның жауапкер E.-дан берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. жауапкерге осы жылдың мамыр айында  қарызға 70500 теңге берген, ал жауапкер келіскен мерзімде ақшаны беруге міндеттелді, бірақ өз міңдетін орындамаған.

Сот отырысында тараптар дауды кәсіби медиатордың қатысуымен медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаттарды берген.

Сотталушылар және жәбірленуші медиативтік келісім жасады

16/09/2016

Қорғалжын аудандық соты екі ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, сотталушылар алдын ала сөз байласып, салынып жатқан балабақшаның ішіне  заңсыз кіріп, құрылыс құралдарды жасырын жымқырды, атап айтқанда бұл, электрлі қолбұрғы, перфоратор, электрлі генератор мен бензинді ара. Жасаған әрекетімен сотталушылар құрылысшыға 137 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Сот есірткі заттарын заңсыз өткізіп және сақтағаны үшін 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

16/09/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. салмағы 81,76 грамм героинді ірі мөлшерде өткізу мақсатымен сақтап, азамат Ш. арқылы 2,44 грамм героинді заңсыз өткізген. Алайда азамат Б. азамат Ш-ның психиатр дәрігерінің тіркеуінде тұратынын және есі дұрыс емес екенін білген.

Сот ағасын өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

16/09/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағасын өлтірді деген айыппен Атбасар ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Е. өзінің ағасы және таныстарымен бірге спирттік ішімдікті ішкен. Ағайындылардың арасында туындаған ұрыс, төбелеске айналған. Төбелес барысында азамат Е. өзінің ағасына бірнеше рет пышақпен соққы салған. Нәтижесінде азамат Е-нің ағасы алған дене жарақаттарынан қылмыс жасалған орында қайтыс болды.

Кәмелетке толмаған қызын түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін сот анасына әкімшілік айыппұл тағайындады

16/09/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  кәмелетке толмаған қызын түнгі уақытта көшеде жүргені үшін анасына қатысты әкімшілік іс қарады.