Архив событий

24/09/2016

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сот ер адамға әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

24/09/2016

Ақмола облысы  Есіл аудандық  соты азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.     

Сот анықтағандай, азамат М. кәмелетке толмаған үш баланың әкесі бола тұра, ата-ананың тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өзінің міндеттерін орындамай, алкогольдік ішімдікті қолданады, ресми түрде жұмыс істемейді. Балаларының үйде тұруына ешқандай жағдай жасалмаған, зайыбы жұмыс істемейді, ата-аналарымен бірге тұруда, алайда олар спирттік ішімдікті қолданады.

Сот мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танудан бас тартты

24/09/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызын қарады.

Талапкер өз талабында жауапкермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаған, бірақ жауапкер өз міндетін орындамаған. 

Сот Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл тағайындады

24/09/2016

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты азаматша В-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша В. Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2016 жылдың 31 мамырында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алу фактісін хабарламаған.