Архив событий

09/02/2017

Сот көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

09/02/2017

Ақмола облысы Зеренді аудандық соты көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, жалған номірі белгілерін заңсыз қолданып, автокөлікті басқарған. Жасаған әрекетімен азамат Ш. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 5-тармақшасының талаптарын бұзған.

Сот алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

09/02/2017

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін азаматша М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, дүкенші сағат 11.00-де азамат А-ға алкоголь өнімін сатқан. Осы әрекетімен этил спиртінің көлемді үлесі 40% асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін өткізіп, алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзған.