Архив событий

24/02/2017

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жаза

24/02/2017

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлемей, сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамаған.

Сот автокөлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындады

24/02/2017

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат П. алкоголь масаң күйде автокөлік құралын басқара отырып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылды. Ер адамды медициналық куәландыру кезінде алкогольдік масаң күйдің женіл түрі анықталды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың 2 айында 30 шетел азаматы халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/02/2017

2017 жылдың 2 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 30 шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік істер қаралды. Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабы («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастырылды.

Сот полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан 2 жыл мерзімге айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындады

24/02/2017

Аршалы аудандық сотында полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін азамат Л-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, ер азамат автокөлік басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылды, алайда полиция қызметкерінің талаптарын орындамай, алкогольдік масаң күйін куәландырудан өтуден жалтарған.

Сот қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

24/02/2017

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, азамат Б. алкогольдік масаң күйде өз қайын енесіне қатысты былапыт сөйлеп, үйінде жанжал шығарғанын анықтады. Осыған байланысты, азамат Б-ға Астрахан ауданының ішкі істер бөлімімен қорғау нұсқамасы шығарылған. Бірақ, ер азамат нұсқаманы бұзып, қайталап, бір апта ішінде масаң күйде бола тұра, қайын енесіне тіл тигізіп, қорлап, былапыт сөйлеген.