Архив событий

21/02/2017

Сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітті

21/02/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына азаматша Қ. өз ұлын ата-ана құқықтарынан айыру туралы  талап арызымен жүгінді.

Сот, азаматша Қ-нің ұлы өзінің зайыбымен ажырасқанынан кейін, кәмелетке толмаған балаларына келмей, оларға материалдық көмек көрсетпегенін анықтады. Азамат А-нің балалары  әжесімен бірге тұрады. Осыған байланысты, азаматша Қ. өз ұлын ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Ақмола облысы Жақсы аудандық сотының судьясы Ғалия Бақтығұлова Жоғарғы Сотының Құрмет грамотасымен татуластыру рәсімдері бойынша дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

21/02/2017

Ақмола облысы Жақсы аудандық сотының судьясы Ғалия Бақтығұлова татуластыру рәсімдері бойынша дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін дамытуға қосқан үлесі үшін Жоғарғы Сотының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәмидің атынан Жақсы аудандық сотының жас судьяны Ғалия Бақтығұлованы 2016 жылдың ішінде татуластыру рәсімдерін қолданумен азаматтық және қылмыстық істерді қарауда сот төрелігін сапалы жоғары көрсеткішпен орындағаны үшін құттықтады.