Архив событий

06/02/2017

Сот әйел адамға аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды заңсыз өткізгені үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

06/02/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды заңсыз өткізгені үшін азаматша Х-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел адам 9,25 грамм аса ірі мөлшердегі «героинді» заңсыз сақтап,  кейін, шартты сатып алушыға барлық есірткі заттарды өткізген.   

Республикалық «Ардагер.kz» журналында Ақмола облысының майдангер-судья туралы мақала жарияланды

06/02/2017

2016 жылы республикалық «Ардагер.kz» журналының қазан айындағы нөмірінде, әділет органдарында және сот жүйесінде 40 жылдан астам қызмет еткен Көкшетау облыстық сотының төрағасы, соғыс және еңбек ардагері   Ғизатолла Ахмедов Халидұлы туралы мақала жарияланды. Баспасы «Ұлы Отан соғысының ардагерлер, тыл еңбеккерлер мен соғыс балалардың кеңесі» қоғамдық қоры болып табылады.  

Ақмола облыстық соты ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов мақаланы журналға жариялау үшін белсенді жұмыс жүргізді.

Сот медиацияны қолданумен қылмыстық іс қарады

06/02/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық соты ұрлық жасады деп айыптау бойынша  азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Н. теміржол вокзалының перронында дүкеннің темір қақпасын бұзып, ақшалай қаражат және тауарларды ұрлап, азаматша  Б-ға 25730 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сотта, сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен  татуласқандарына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы медиативтік келісім жасады. Медиацияны өткізу барысында тараптар татуласты.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

06/02/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық соты жұбайынан алимент өндіріп алу туралы азаматша А-ның талап арызын қарады.

Сот анықтағандай, ерлі-зайыптылар некеде тұрады және олардың кәмелетке толмаған балалары бар. Қазіргі уақытта жұбайы бөлек тұрады, балалары анасының асырауында. Осыған байланысты, азамат А. кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін күйеуінен алимент өндіріп алуын сұрады.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіледі

06/02/2017

2017 жылдың 8 ақпанында сағат 10.00-де Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдері үшін 2016 жылы қаралған сот істері бойынша брифинг өткізіледі.