Архив событий

07/02/2017

Сот ер азаматқа сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

07/02/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты сот шешімін орындамағаны үшін азамат А-ға қатысты  әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер бола тұра, кәмелетке толмаған баласының асырауына алименттерді өндіріп алу жөнінде Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотының шешімін орындамаған.

Шортанды аудандық соты 2017 жылы қаңтар айында салықтар бойынша берешектерді өндіріп алу туралы 139 сот бұйрықтарын шығарды

07/02/2017

Шортанды аудандық соты 2017 жылы қаңтар айында бұйрық арқылы iс жүргiзуде 151 азаматтық іс қарап, Шортанды ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының 139 өтініштері бойынша сот бұйрықтарын шығарды.

Өндірушілер жеке тұлғалардан мүлікке, жер учаскесіне және көлік құралдарына салықтар бойынша берешектерді өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару жөнінде өтініштермен сотқа жүгінді.

Сот талап арызды қанағаттандырып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының орнын толтырудың есебіне соманы өндіріп алды

07/02/2017

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының орнын толтыру туралы Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының «Қ-Т» ЖШС-не талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот шешімін орындамағаны үшін сот әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

07/02/2017

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты сот шешімін орындамағаны үшін азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай Жақсы ауданының тұрғыны көлік  құралдарын жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, автокөлікті басқарып, полиция қызметкерлерімен  тоқттатылған.