Архив событий

17/02/2017

Бұланды аудандық сотының судьялары Елбасының Жолдауын талқылады

17/02/2017

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотының төрағасы Р.Шакуанов Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Сот кәмелетке толмаған баланың тәрбиелеу жөніндегі ата-ананың міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл тағайындады

17/02/2017

Еңбекшілдер  аудандық соты ата-ананың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін азаматша Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Қ. 12 жастағы баланың анасы бола тұра, өз баласына тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелсіз себебімен орындамаған. Бала 2017 жылдың қаңтар айынан бастап мектепке бармаған және анасының тұрғылықты жері белгісіз болуына байланысты Ақмола облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

17/02/2017

Ақмола облысы Аршалы  аудандық соты ұрлық жасады деп айыптау бойынша азамат Б-ға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібінде қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. азамат Ч-дің үйінде бола тұра, ұялы телефон ұрлап, жәбірленушіге 5000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сотқа, жәбірленуші сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына және келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.