Архив событий

27/02/2017

Ақмола облысының соттарында жаңа тағайындаулар

27/02/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарына тағайындалған төраға мен судьяны таныстырды.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізіледі

27/02/2017

2017 жылдың 28 ақпанында сағат 10.00-де Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізіледі.

Баспасөз-конференцияға Ақмола облыстық сотының төрағасы, облыс судьялары, прокуратура өкілдері, ішкі істер департаменті, білім басқармасы мен адвокаттар алқасы қатысады.

Сот медиативтік келісім бекітіп, қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды

27/02/2017

Жарқайың аудандық сотына азамат А-дан қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматша Ж. талап арызымен жүгінді.  

Сот анықтағандай, азамат А. азаматша Ж-дан өз туысының емделуіне қолхатқа сәйкес қаражатты қарызға алған, алайда қарыз сомасын қайтармады, сол себептен, азаматша Ж. сотқа жүгінген.

Сотта, тараптар келесі шарттар бойынша медиативтік келісім бекітті: азамат А. 2017 жылдың 16 наурызына дейін қарыз сомасын төлеуге міндеттенеді, ал азамат Ж. азамат А-дан қарыз сомасын қабылдап алуға міндеттенеді.