Архив событий

23/02/2017

Көкшетау қалалық сотымен Бурабай ауданының үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

23/02/2017

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты  ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыптау бойынша Бурабай ауданының үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы заңсыз іс әрекет жасаған, атап айтқанда, ЖШС-нің менеджерінен мердігерлік жұмыстарды алуына жәрдем көрсеткені үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алған.

Атбасар аудандық сотында заңсыз жұмыстан шығарылған қызметкер жұмыс орнына қайта орналастырылды

23/02/2017

Ақмола облысы Атбасар аудандық сотына азамат Б. кәсіпорын басшысының еңбек шартын тоқтату туралы бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінді.

Сот ерлі-зайыптылар арасында медиативтік келісім бекітіп, некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша өндірісті тоқтатты

23/02/2017

Ақмола облысының Жақсы аудандық сотына азаматша Қ. өзінің жұбайына некені бұзу туралы талап арызымен жүгінді.  

Сот, ерлі-зайыптылардың ойлары бойынша, олардың бірлесіп өмір сүруі қалыптаспаған, арасындағы ерлі-зайыптылық қатынастар тоқтатылды, кәмелетке толмаған баласы бар, одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін емес деп есептегенін анықтады.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

23/02/2017

Ақмола  облысы Ақкөл аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат У. өзінің үйінде жанжал шығарып, бірге тұратын әйеліне  сыйламаушылық көрсетіп, оған былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзған. Осылайша азамат У. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Есіл аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

23/02/2017

Ақмола  облысының Есіл аудандық сотына «Ашық есік күні» Балалар үйінің оқушылары келді. Балалар «Төрелік» электронды ақпараттық жүйесінің қолдану бойынша кеңсе жұмысымен танысып, сот отырыстары залдарын қарап шықты.

Сот төрағасы Б.Нұрмағамбетов келушілерге сот жүйесінің дамуы мен сот жұмысы туралы айтып, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерін қараудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті.