Сот орындаушының заңсыз іс-әрекетіне азамат Е-нің шағымы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында сот орындаушының қаулысына азамат Е-нің шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Е. сот орындаушының қаулысына шағыммен жүгінген. Ол өз шағымында 2013 жылдың 24 сәуірінде Бұланды аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 356-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда, азамат Е.  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоймаған және онымен таныспаған. 2016 жылдың 9 қарашасында Ерейментау аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысымен айыппұлды еңбекақысынан өндіріп алу туралы қаулы шығарылып, оны өндіру үшін орындауға жолданған. Алайда азамат Е. үш жылдан аса әкімшілік айыппұл түрінде жазаға тартылғанын білмеген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 890-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.

Сот шешімімен азамат Е-нің сот орындаушының заңсыз іс-әрекетіне шағымы қанағаттандырылды. Аға сот орындаушының іс-әрекеті заңсыз деп танылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі