Архив событий

08/02/2017

Сот келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады

08/02/2017

Степногорск қалалық соты азамат Д-ң денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiргені үшін айыптау бойынша азамат С-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. өзінің танысына пышақпен соққы жасап,  оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiріп, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соқты.

Сотқа дейінгі істі қарау кезеңінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасалынды.

Есіл аудандық сотымен 9 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/02/2017

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Есіл аудандық соты сот шешiмiн және атқарушылық құжатты орындаудан бас тартқан азаматтарға қатысты 9 әкімшілік іс қарады. Аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастылырған.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты семинар сабақ өткізді

08/02/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Соттың үкiмiн, қаулысын орындауға енгізу тәртiбi. Уақытылы орындау, үкімінің, сот қаулысының орындалуына жүгіну тәртібі. Үкімді орындау кезінде туындайтын сұрақтар» тақырыбында семинар сабақ өткізді.