Архив событий

03/02/2017

Ақмола облыстық сотында облыс соттарымен сот төрелігін іске асырудың сапасын талқылау бойынша семинар-кеңес өтті

03/02/2017

Ақмола облысының судьялары 2016 жылда облыс соттарымен сот төрелігін іске асырудың сапасын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес екі секциялық отырыста өтті. Бірінші секцияда азаматтық және әкімшілік істерді қарайтын судьялар азаматтық істер бойынша сот актілерін құрастыру сапасын талдаса, екінші секцияда қылмыстық істерді қарайтын судьялар қылмыстық істер бойынша атқарған сот төрелігін талқылады.

«Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-нің Ақмола филиалы облыс судьяларының конференциясын өткізді

03/02/2017

Ақмола облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-і Ақмола филиалының конференциясы өтті.

Конференцияда Ақмола облысының судьялар қауымдастығы 5 негізгі сұрақтарды қарады. Олар: 2016 жылы филиалдың атқарған жұмысының есебі, судья әдебі жөніндегі жұмыс қорытындысы, облыстың ардагер-судьялар Кеңесінің есебі. Сонымен қатар, конференцияда судья әдебі бойынша комиссия мен филиал Кеңесінің құрамына жаңа мүшелер сайланды.

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарының жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша байқаудың қорытындысы шығарылды

03/02/2017

Ақмола облыстық соты Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген 23 соттары арасында байқаудың қорытындысы шығарды.

Байқаудың басты мақсаттары: сот жұмысын ұйымдастыру деңгейін анықтау, оң тәжірибемен бөлісу, озық әдістерін енгізу, сот төрелігін атқаруға жағдай жасау бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыруға ынталандыру.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті

03/02/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Азаматтардың алқабилер ретінде сот төрелігін атқару ісіне қатысуы» тақырыбына үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Қорғалжын аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

03/02/2017

Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Х.Кембаева аудан тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күні аудандық сотқа азаматтық процестік заңнама нормаларын түсіндіру сұрақтары бойынша азаматтар жүгінді. Барлық сұрақтар мен өтініштер сотқа жүгіну үшін қажетті құжаттарды жинау мен талап-арыздың мәтінін құрастырумен байланысты болды. Аудандық сотқа келген әрбір  келуші мен жүгінушіге сот төрағасы оларды қызықтырған сұрақтарға түсініктеме берді.