Архив событий

15/02/2017

Көкшетау қалалық сотымен пара алғаны үшін мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

15/02/2017

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты  ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыптау бойынша Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары азамат Р-дан 300 000 теңге сомасында заңсыз іс әрекет жасағаны үшін пара алған, атап айтқанда, әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін және ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюын болдырмауы үшін.

2017 жылдың басында Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сот 86 жүргізушіні жол- көлiк оқиғасына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп таныды

15/02/2017

2017 жылдың басында Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сот жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылықтарды жасағаны үшін 86 жүргiзушіге қатысты әкімшілік істер қарады.

Сот анықтағандай, құқық бұзушылар көлік құралдарын жүргізіп, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Сот медиацияны қолданумен қылмыстық іс қарады

15/02/2017

Ақмола облысы  Аршалы  аудандық соты ұрлық жасады деп айыптау бойынша   азамат Қ-ға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібінде  қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. азамат Л-дің үйінде бола тұра, ұялы телефон және симкартаны ұрлап, жәберленушіге 6200 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сотқа жәбірленуші сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына және келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты  қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

2016 жылдың ішінде Ақмола облысы Жақсы аудандық соты 61 құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қарады

15/02/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады.

Ақмола облыстық соты БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді

15/02/2017

Ақмола облысы соттарының 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында «Заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында сот төрелігіне қызмет ету» тақырыбымен өткізілген журналистер арасында үздік жарияланымдар байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау Ақмола облыстық соты және ҚР Судьялар одағы Ақмола филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.