Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола  облысы Ақкөл аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат У. өзінің үйінде жанжал шығарып, бірге тұратын әйеліне  сыйламаушылық көрсетіп, оған былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзған. Осылайша азамат У. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат У. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабының  1- бөлігімен (Отбасы – тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 тәулік мерзіміге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

 

Ақмола облыстық

сотының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі