Сот қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, азамат Б. алкогольдік масаң күйде өз қайын енесіне қатысты былапыт сөйлеп, үйінде жанжал шығарғанын анықтады. Осыған байланысты, азамат Б-ға Астрахан ауданының ішкі істер бөлімімен қорғау нұсқамасы шығарылған. Бірақ, ер азамат нұсқаманы бұзып, қайталап, бір апта ішінде масаң күйде бола тұра, қайын енесіне тіл тигізіп, қорлап, былапыт сөйлеген.

Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 461-бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі