Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жаза

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлемей, сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамаған.

Сот қаулысымен азамат Қ. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды. 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі