Ақкөл аудандық сотында медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаны іске асыру жөнінде «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақкөл аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша  Ақкөл ауданының  кәсіпкерлер,  Ақкөл ауданы бойынша  Ауған  соғысы ардагерлері және мүгедектері одағы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» аудандық сотының төрағасы О.Сүлейменов Пилоттық жобаның мақсаты, азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту және даулардың жекелеген санатары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу екендігін атап өтті. Төраға, осы жоба келесі: баланың мүдделеріне, еңбек, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтауға қатысты және басқа санаттар бойынша медиацияны қолдану міндетті екеніне назар аударды.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары медиация еріктілік, тараптарының тең құқылығы, татуластыру рәсімдерін іске асыратын медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптылығы негізінде құпиялығы және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін атап өтті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі